Тағайындау • 29 Қазан, 2020

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Гүлмира Мұратқызы 1969 жылы туған. Білімі жоғары, "тарих, қоғам тану және мемлекеттік пәнінің мұғалімі" және "заңгер, мемлекеттік қызмет саласының маманы" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.