Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Қашықтан оқыту колледждерде қалай жүзеге асырылады

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық ТжКБ ұйымдарында оқу процесі қашықтан жүзеге асырылады, соған байланысты әр ұйымда электронды білім беру ортасының міндетті түрде жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы брифинг барысында елордалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

Қашықтан оқыту колледждерде қалай жүзеге асырылады

"Қажетті нұсқаулар әзірленді. Интернет-ресурстарда жалпы пәндер бойынша 7 014, арнайы пәндер бойынша 6 177 бейнесабақ, 19 415 әдістемелік ұсыныстар, 40 763-тен астам практикалық тапсырмалар бар, мыңнан астам мұғалімдер біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. Білім беруді модернизациялау орталығы ТжКБ оқытушыларына арналған оқу үдерісін жақсарту мақсатында апта сайын вебинарлар мен консультациялар өткізеді", - деді Ш.Қадырова.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін қаланың барлық колледждерінде директордың виртуалды қабылдауы және оқытушыларға, студенттерге, ата-аналарға онлайн-кеңес беру штабы құрылды. Колледждерге Platonus, Google Classroom, Edu page, сонымен қатар Moodle, Sova және басқалары сияқты білім берудің ақпараттық ресурстары 100% қолжетімді.

"Санитарлық нормаларды сақтау туралы айтар болсақ, барлық колледждер мен жатақханаларда санитарлық тазартқыштар, туннельдер орнатылған, бүгінде дезинфекциялау құралдарының қоры жеткілікті. Компьютері жоқ барлық оқытушылар мен студенттер колледждер уақытша пайдалануға беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген", - деп түсіндірді Ш.Қадырова.

Компьютері мен интернет-ресурстары жоқ өзге қалалық студенттер жатақханаларға орналастырылып, олар үшін оқуға қолайлы жағдайлар жасалған.