Әдебиет • 29 Қазан, 2020

Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылады

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылатынын  мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылады

"Күні кеше Ұлттық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: "...мектеп жасындағы балаларды кітап оқу әдетіне үйрету» қажеттігін баса айтты. Сондықтан, біздің министрліктің бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қатысуымен балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлерлерінің тізімі жасалып, ішкі қаржылық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, аударманың аудио электрондық нұсқасын жасау туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта оларды басып шығару мәселесі бойынша Білім және ғылым министрлігі өз үлесін қосады деген сенімдеміз, деді министр А.Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы – ел ішінде, әсіресе, балалар мен жастардың арасында рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін жүзеге асырудың біртұтас жол картасын қалыптастырып, бірнеше мүдделі мемлекеттік органдардың атсалысуымен іске асыруды көздейді.