Референдум • Бүгін, 07:23

Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы учаскеде дауыс берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы №453 референдум учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы учаскеде дауыс берді

​Айта кетейік, Геннадий Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турнирге арнайы барды. 

«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді

Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда референдум басталды

Референдум • Бүгін, 07:39