Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Қайта әлеуметтендірудің нысандары мен әдістерін жетілдіру кездесуі өтті

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің базасында, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендірудің нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелерін пысықтау, аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік-құқықтық сүйемелдеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайта әлеуметтендірудің нысандары мен әдістерін жетілдіру кездесуі өтті

Іс-шараға мекемелердегі сотталғандарды еңбек және тұрмыстық қамтамасыз ету тобының қызметкерлері, облыстық, қалалық және аудандық пробация қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ, "Біз адамбыз, Біз біргеміз" Қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұхамбетов, "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро" Қоғамдық бірлестігінің заңгері Ролан Фератович, Ақтау Жастар орталығы директорының орынбасары Нұрсұлтан Сатыбалдыұлы және телолог, волотерлар қатысты.

Кездесу барысында қор еріктілері мен Ақтау жастар орталығының ҚАЖ мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жүргізілген жұмыстар аталып өтті.

ҚАЖ мекемелері мен пробация қызметтері ұсынатын тізімдер бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметіне есепке алынған тұлғаларға, оларды облыстың мәденилеуметтік өміріне, мұражайларға, драма театрларға апару, спорттық жарыстарға қатыстыру арқылы көмектер көрсету, азық-түлік себеттерін, тұрмыстық техника мен жиһаздар ұсыну мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі алдағы уақыттағы іс-шаралар талқыланды.