Технология • 30 Қазан, 2020

Фрилансерлерге арналған акселератор

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub және Қарағанды «Террикон алқабы» IT-хабымен бірлесіп, биыл 2 қарашадан бастап IT компаниялар мен фрилансерлер үшін акселерациялық бағдарламаны іске қосады.

Фрилансерлерге арналған акселератор

Акселератор халықаралық на­рыққа шығуды жоспарлап отыр­ған IT компаниялар мен фрилансерлер үшін 6 және 4 апталық те­гін оқу курсын қамтиды.

«Осы жоба біздің мамандарға сыртқы нарықтарда, шетелде сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін білім мен құзыреттілік қорын қалыптастыруға бағыт­тал­ған. Арнайы комиссия портфолио бойынша 30 қатысушыны таңдайды. Оны жоба сайтында сауалдама деректерін толтыру арқылы ұсыну қажет», деп тү­сін­дірді Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігі IT дамыту департаментінің директоры Дархан Ахмедиев.

Оқыту бағдарламасы дәріс­терден, воркшоптардан, менторлармен және сарапшылармен бірқатар бағыт бойынша жұ­мыстардан тұрады. Атап айтқанда мақсатты нарық пен бәсекелестерді зерттеу; мақсатты клиенттің портреті мен құндылық ұсынысының сипаттамасы; клиент үшін өнімді орау; сауда-саттықты саралау және pipeline сатуды баптау; масштабтау. Бағдарлама қатысушылары – тө­менде көрсетілген немесе ұқ­сас қызметтерді ұсынатын IT компаниялар мен фрилансер­лер. Бұлар бағдарламалық қам­тылымдарды, сайттарды, мобиль­дік қосымшаларды тапсырыс беруге әзірлейді; UX/UI бойынша қызметтерін көрсетеді; дизайн немесе брендинг жасайды; digital-маркетинг бойынша қызметтер көрсетеді.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді биыл 31 қазанға дейін жіберуге болады. Оқыту онлайн арқылы жүргізіледі.

IT компанияларға оқудың бас­талуы 2 қарашадан, ал фрилансерлерге 9 қарашадан басталады.

Тіркеуге сілтеме және бағдар­ламаның жалпы сипаттамасы бо­йынша ақпарат – https://taplink.cc/terriconvalley

 

 

Соңғы жаңалықтар