Қоғам • 30 Қазан, 2020

Әскери жүргізушілерді жолда экстремалды оқиғаларды жеңуге оқытуда

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарулы Күштерде Жол қозғалысы оқиғаларының ережелері мен жол-көлік оқиғаларын алдын алу жөнінде сабақтар өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери жүргізушілерді жолда экстремалды оқиғаларды жеңуге оқытуда

Күн райының күрт өзгеруі мен көктайғақтың орын алуы жолдардағы жағдайды өзгертті. Әскерлерде кешенді алдын алу шаралары аясында әскери қызметшілердің жүргізу мәдениетін арттыруға және автокөлікті апатсыз пайдалануға бағытталған сабақтар ұйымдастырылды. Аталған сабақтар әскери полиция, ІІМ, ТЖМ және қоғамдық автоәуесқойлар өкілдерінің қатысуымен өтуде.

Бұл сабақтар барысында әскери қызметшілер жол-көлік оқиғаларының статистикасымен танысып, көлікті пайдалануда орын алатын тәуекелдер, бұзушылықтар туралы айтылмақ. Жүргізушілерге сонымен қатар автокөлікті жыл мезгіліне қарай қызмет көрсету және түрлі жолдарда жүргізу бойынша практикалық кеңестер беріледі.

Іс-шаралар барысында лауазымды адамдар жүргізушілердің және көліктердің құжаттарын тексеріп, қысқы кезеңге көлікті пайдаланудың техникалық жабдықтары мен дайындығын тексереді. Тексерудің қорытындысы бойынша автокөліктің техникалық жағдайы мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріледі.

Армия әскерлерінде жол-көлік оқиғаларын алдын алу жөніндегі жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты, атап айтқанда, «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші», «Автокөліктің қысқа дайындығы – апатсыз пайдалану кепілі» секілді айлықтар өткізіледі.