Қазақстан • 30 Қазан, 2020

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясы 57 үміткерге тағайындалды.