16 Сәуір, 2010

ТӘУЕЛСІЗ ОТАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІН СҮЙГЕН ЕРДІҢ ШЕЖІРЕСІ

802 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Тамыры тереңде жатқан тәуел­сіз еліміздің төл тарихын жа­зуда отандық ғалымдар көп жағдайда ұлы көршілеріміз Қы­тай, Ресей және өзге де елдердің мұрағат­та­ры­на жүгінеді. Енді оның орны толы­ғатын болды. Кеше Президенттік мәдениет орталығында “Қазақстан Респуб­ликасы. Тәуелсіздік шежі­ре­сі” тарихи дерекнамалық көптом­ды­­ғы­ның алғашқы кітабының рес­ми тұсаукесер рәсімі өтті. Алдымен шараға қатысу­шы­лар фойеге қойылған стенд­тер­дегі Мем­лекет басшысы Нұр­сұл­тан На­зарбаевтың әр уақыттағы жұмыс ба­рысы сәттері бейнелен­ген сурет­тер танысты. Сол сияқ­ты мұнда Елбасы туралы жа­зыл­ған кітаптар да көпшілік наза­рына ұсынылып­ты. Олардың ара­сында төрт серия­дан тұратын 14 кітаптық тәуелсіз Отан шежі­ресі жинағы ерекше көзге түседі. Көк, қызыл және жа­сыл түспен көмкерілген еңбектерде тәуел­сіз­дік алғалы бергі қабылдан­ған ресми құжаттар мен шешімдер рет-ретімен қойылған, “Тәу­елсіздік шежіресі”, “Елмен сыр­ла­су”, “Елбасы жолдады – елі қол­да­ды” және “Әлем Қа­зақ­стан ту­ралы. Әлем Президент ту­ралы” атты сериялармен шы­ғыпты. Әзірге серияның алғашқы 14 томы 2 мың таралыммен “Күл­те­гін” баспасынан жарық көрген. Биыл тағы 17 томы шығарылады деп күтілуде екен. Жалпы, 2015 жыл­ға дейін оның санын 138 томға жеткізу жоспарланған кө­рінеді. Мәдениет министрлігінің қолдауы­мен шығарылған бұл көп­том­дық­тың авторы – көр­нек­ті мемлекет және қоғам қай­раткері, филология ғылым­дары­ның докторы, профес­сор Мыр­за­тай Жолдасбеков болса, ғы­лыми ке­ңесшісі – Президент Ке­ң­се­сінің бастығы, саяси ғы­лым­дар докторы Махмұд Қасымбеков. М.Жолдасбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бер­ген баспасөз мәслихатында тәуел­сіз елдің тарихы бүгіннен жазыл­мас, онда көпті жоғалтқанымыз болар еді, дегенді ерекше айтты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баев­тың келісімі және қолдауы­мен елімізде президенттік инсти­туты енгізілуі мен мемлекет та­рихын зерт­теу ғылыми зертханасы құрыл­ған. Жоба авторы Елбасы­ның ал­дын­да болған кезінде бұл идея жылы қабылданып, оның өз халқы мен Отанына қызмет ететін әрі сүйе білетін адамды дайындау үшін қажет екені баса айтылыпты. Деректерді жинау оңай бол­ма­ғандығымен бөліскен М.Жолдас­беков тәуелсіздік алған алғашқы жыл­дардағы басылымдардың па­рақ­­тары болмай шыққаны да өзін­дік кедергі болғандығын алға тарт­ты. Әйтсе де осылайша ғылымға бірінші қадам жасалып отыр. Жоба авторының пікірінше, елімізде 15 мыңдай мектеп, 10 мың кітапхана, 180 оқу мекемесі бар болса, 2 мың данамен жарық көрген кітап барлығына бірдей жете бермейді. Тұсаукесер рәсімінің мақсаты – ұлттық сананы қалыптастыру, Ұлы дала тарихын өскелең ұрпақ сана­сында тірілту, келешек ұрпақ­тың тәуелсіз Отанына деген құр­мет се­зі­мін ояту. Негізінен бұл ең­бек­тер­дің еліміз тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы қарсаңында елін сүй­ген Елба­сының тәуелсіз мем­лекетті құруы, қа­лыптастыруы, елдің әлеуметтік іргесінің берігуі мен ішкі тұрақ­ты­лыққа қосқан риясыз еңбегі және өзге де қыр­ла­ры жан-жақты ашып көрсетілген. Аталған шараға Президент Әкім­шілігінің қызметкерлері, Пар­ламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, министрліктер мен ве­дом­стволар өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының қызметкерлері, т.б. қатысты. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев жаңа жобаның мән-маңызы жөнін­де кеңінен ой толғап, сөз сөйледі. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.