Әлем • 30 Қазан, 2020

Самарқандта ТМД армияларының штаб бастықтарымен жұмыс кездесуі өтті

12 рет көрсетілді

Өзбекстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер қарулы күштері Штабтар бастықтары комитетінің отырысы өтті. Онда заманауи жағдайдағы өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Аталған отырысқа Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы қарулы күштері бас штабтарының, сонымен қатар ТМД атқарушы комитетінің делегациялары қатысты.

Қазақстан Республикасы атынан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес ТМД-ға қатысушы елдердің әскери ведомстваларының қорғаныс пен қауіпсіздік ауқымында көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Әскерлердің жауынгерлік даярлығы үшін практикалық қажеттілікті ескере отырып отырысқа қатысушылар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың, атап айтсақ, ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолданудың іс жүзіндегі маңыздылығы, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәжірибелерімен танысты.

Өткен кезеңдегі ТМД-ға қатысушы елдердің қарулы күштеріндегі авиация ұшуларының қауіпсіздік жағдайы да талданды.

Осы отырыс барысында қабылданған шешімдер қорғаныс пен қауіпсіздік ауқымындағы өзара іс-қимылды дамытуға, Достастық құрамындағы елдерінің ұлттық және бірлескен қауіпсіздігін қолдау мүддесінде әскери ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Отырыс соңында кездесуге қатысушылар өткен жылды қорытындылап, 2021 жылға арналған бірлескен іс-шараларды талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Он бір ауылға газ жетті

Экономика • Бүгін, 06:29

Мектеп жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 06:27

Малды жаңаша бағатын қожалық

Экономика • Бүгін, 06:25

Қазталов деген аудан бар

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ластанған жерді дронмен табады

Технология • Бүгін, 06:18

Жоспар жақсы, үміт мол

Аймақтар • Бүгін, 06:17

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Қолды болған гараж

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар