"Күдіктінің Зарослый елді мекеніндегі үйінен екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келі 30 грамды құрады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өңір полицейлері 1 маусымнан бері заңсыз айналымнан 20 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.