Тексеру кезінде киік мүйіздері осы үйдің ауласында тұрған мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ "Планета-3" маркалы мотоциклінің қорабына полипропилен қапқа салынып, жасырылғаны анықталды. Осы іс бойынша Бегімбет ауылының 36 жастағы тұрғыны мен 28 жастағы Қызылорда облысы Арал ауданының азаматына қатысты тергеу амалдары басталды. Күдіктінің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың үстінен ҚК 339-бабы 1-тармағының "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері киік мүйіздерін браконьерлерден сатып алып, шетелдерге заңсыз өткізумен айналысатын астыртын топтарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізуді бастап кетті деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД Баспасөз қызметі,