Биылғы жылдың қыркүйегінен бері қызмет етіп келе жатқан орталықтың басты міндеті - консультативті медициналық көмек пен COVID-19 расталған жағдайлармен үй стационарындағы науқастарға мониторинг жасау.
Орталық дәрігерлері тәулік бойына пациенттерге коронавирус инфекциясынан емделу жөнінде видео кеңес жүргізеді, үй жағдайында емделіп жатқан ауруы жеңіл және орташа деңгейдегі пациенттерге қадағалау жүргізеді. Егер де жағдайлары нашарласа, науқастарды стациорарларға жатқызу үшін Жедел жәрдем станциясынмен байланысқа шығады.
Орталықта 60 қызметкер жұмыс жасайды, қала халқына тәулік бойғы көмекті бір мезетте 15 оператор атқарады.
Екі айлық жұмыс мерзімі ішінде 6 мыңнан көп аудио және видеоқоңырауларға қызмет көрсетілді. Соңғы айда, тұрақты түрде мониторинг жасау арқасында, 35 науқас уақтылы ауруханаларға жатқызылды.
Алматы