Аймақтар • 31 Қазан, 2020

Ержан Бабақұмаров кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына барды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына барып, ондағы балаларды қолдау және әлеуметтендіру жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Бабақұмаров кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына барды

Орталық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қысқа мерзімді күтіп-бағуды, бейімдеуді және одан әрі орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Ноо

Орталыққа бару барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кәмелетке толмағандарға қосымша білім беру және дамыту сабақтарын ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.

Коронавирустық пандемия аясында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен ұйымдағы карантиндік шаралардың сақталуы туралы мәселе ерекше қаралды.
Орталық балаларды оқытуға арналған ноутбуктар мен планшеттермен қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, кітапхана қоры жаңартылып, орталық аумағында балалар спорт алаңдары орнатылады.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оны биылғы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.