Сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алады.Тек жексенбі мен мереке күндеріне шектеу қойылды.
"Дүйсенбіден бастап кинотеатрлардың жұмысын қайта бастауға шешім қабылдадық. Бастысы, санитарлық талапты қатаң сақтаулары керек. Жұмыс уақыты 9.00 ден 22.00-ге дейін. Толтырылуын 30 %-дан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді шарт қойдық. Әр сеанс алдында дезинфекция жасалуы қажет", деді Әлия Әбдіқайымова.
Күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа азайтылды. Яғни. 22:00-ге дейін.
Ал ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық іс-шаралар, адамдар көп жиналатын өзге де кештерді өткізуге тыйым жалғаса береді. Караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, фудкортжұмыстарына салынған тыйым әлі де күшінде.
Қызылорда облысы