20 Қараша, 2013

Ресей «Алтылық» пен Иран келіссөздерінің сәтті өтуін қалайды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 11 - Resei SIMМәскеу Женевадағы «Алтылық» пен Иран келіссөздерінің сәтті өтуіне ниет білдіреді. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бразилиялық әріптесі Луис Альберту Фигейредумен әңгімелескен соң осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біз «Женева-2» келіссөздерінің аясында Иран ядролық бағдарламасын реттеу мәселесін талқыладық, – деді Лавров. – Иран ядролық бағдарламасын реттеу жолдарын іздестірудегі Бразилияның қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Иран мен «Алтылық» келіссөздерінің бүгінгі раунды сәтті аяқталады деп ойлаймыз».

Женевадағы кездесу Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф пен Еуро одақтың сыртқы істер мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның қатысуымен өтеді.

Бразилия сыртқы істер министрі Луис Альберту Фигейреду Сириядағы дағдарысты реттеудегі Ресейдің рөлін жоғары бағалады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар