Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Энергетика министрі Павлодар облысына келді

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұрлан Ноғаев облыс  орталығындағы Энергетика және Мұнай-химия кәсіпорындарын аралады.

Энергетика министрі Павлодар облысына келді

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовпен бірге  «Мұнай-химия зауыты» ЖШС және «Нефтехим LTD» ЖШС-де болды. Мұнай зауытында министр Орталық басқару пульті мен оқу орталығын аралады.  2017 жылы өндірісті жаңғыртқаннан кейін кәсіпорында өнім сапасын К-4 және К-5 стандарттарына дейін жақсартып, мұнай өңдеу тереңдігін арттырған.

Екінші өндіріс  орны- «Нефтехим LTD» ЖШС да метилтретбутилэфир және полипропилен өндіру цехтарында болды. Биыл зауыт полипропилен шығару көлемін 40 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда. Өткен және бұрынғы жылдары бұл көрсеткіш шамамен 33 мың тоннаны құраған. Полипропиленнен биг-бэг атты көлемі 1 тонналық үлкен қаптар және басқа да ыдыстар жасалады.                

Сонымен бірге,  «Қазақстан алюминийі» АҚ құрамына кіретін  №1 Жылу электр  орталығындаболып, қаланы электрмен және жылумен жабдықтау жұмыстарымен танысты. Стансаның қазіргі электр қуаты – 340 МВт, ал жылу қуаты - сағатына 1074 Гкал.

-Кәсіпорын жергілікті Торайғыров университетінің энергетикка  факультеті студенттерін дуальды оқу жүйесі арқылы даярлайды, оқу бітірген соң  өндіріске  жұмысқа келеді. Жас мамандарды өндірісте тағы да қосымша оқытамыз, - деді кәсіпорын басшысы И. Рожков.

Ал,  «Павлодарэнерго» АҚ бөлімшесінің  №3-жылу орталығында Нұрлан Ноғаев пен Әбілқайыр Сқақовқа негізгі жабдықтарды модернизациялау туралы баяндалды. Мысалы, биыл энергетиктер №6 турбинаны қайта жаңғыртудан  өткізді. Жаңа технология кәсіпорын ғимараты іргетасының бұзылуына әкелетін оқыс  оқиғалардан құқарады.

- №6 турбинада онлайн режимде бірыңғай пультке жіберуге мүмкіндік беретін болжамдау жүйесі орнатылған. Көрсеткіш өзгерсе, жүйе құрылғының жөндеуге тиіс уақытын  анықтап береді. Бұл модернизация жұмысын уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді,- деді   кәсіпорын мамандары

Қазір жылу электр орталығынан қалаға жылу беру бүгінде тұрақты жүргізілуде. Кәсіпорын қоймаларындағы көмір қоры - 200 мың тонна

                      

Павлодар облысы