Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Қарағандыда "Жас Өркен" сыйлығының лауреаттары марапатталды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы еріктілер жылы аясында "Республика - Аймақ - Даму" қоғамдық қоры ұйымдастырған "Жас Өркен" республикалық сыйлығы байқауының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда "Жас Өркен" сыйлығының лауреаттары марапатталды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықтық дауыс беру арқылы анықталған болатын. Осы салтанатқа арналған марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жеңімпаздарға жүлделерін табыс етті.

Биылғы байқауда еліміздің түпкір-түпкірінен 300-ден астам үміткер бақ сынады. Дауыс берудің бірінші кезеңіне қатысу мүмкіндігіне 126 жас ие болса, шешуші кезеңге 56 үміткер өтті.

Халықтық дауыс беру қорытындысына сәйкес, «Жас дарын» аталымы бойынша Мәди Пазыл мен "Жас қалам" номинациясында үздік шыққан Ақтоты Әбдікахарова бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздардың екеуі де Қарағанды облысынан.

456

– Жастар үшін XXI ғасыр білімге, мәдени байлыққа, инновациялар мен өз бетінше білім алуға ұмтылатын заман. Біз бәсекеге қабілетті болуға және өз елімізге пайдамызды тигізуге міндеттіміз, – дейді Гран-при иегері, Жаңаарқа ауданындағы Б.Амалбеков атындағы орта мектептің оқушысы Мәди Пазыл.

Сонымен қатар, Саят Абдолла ("Жас блогер"), Бағлан Жаркенов ("Үздік ерікті"), Самат Жүсіпов ("Үздік ІТ-идея") және Мәдина Қайролла ("Жас қалам") сынды жас өрендер байқаудың лауреаттары атанды.

 

 

Қарағанды облысы