Оңтүстік Қазақстан • 02 Қараша, 2020

Шымкентте Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры тағайындалды

1122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының бұйрығымен Сұлтан Оңғарұлы Сраилов Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры тағайындалды

Басқарма басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы ұжымға жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

"Бұған дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Сұлтан Оңғарұлы Сраилов ендігі кезекте Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының жұмысын жаңа белеске көтереді деп сенеміз", дейді ведомство басшылығы.