Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында орналасқан "Жігер" мүгедектер спорт клубына "Оғланды-Бекет ата" қоры қолдау көрсетіп, фитнес орталыққа спорттық құрал жабдықтар табыстады. Бұл туралы  Қарақия аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.

Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді

"Оның ішінде 1 дана кешенді жаттығу құралы, 1 дана қолға арналған жаттығу құралы, 2 дана аяқты жыттықтыру құралы, 3 дана жаттығу велосипеді,  3 дана аяққа арналған степр, үстел теннисіне арналған құрал жабдықтар, спорттық киімдер секілді спорттық құралдар берілді", деді Дүйсенбай Атағараев.

Қарақия аудандық мәдениет және спорт бөлімі осы істің басы-қасында жүріп, демеушілік көрсеткен «Оғланды-Бекет ата» қорының директоры Тұрғанбай Сәулеұлы қажыға өз алғыстарын жеткізді.

 

 

 

Маңғыстау облысы