Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы, агенттік жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі  Ырза Тұрсынзада мен облыс әкімінің орынбасары  Серік Ахмет  облыс активімен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары өңірде сыбайлас жемқорлық профилактикасына баса көңіл бөлініп отырғанын атап өтіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады.   

Ал  Ғанижан Асанұлының айтуынша бүгінде қоғамда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпыныс байқалады. Бұл экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты.. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің ең алғаш сатыларында-ақ болдырмауға бағытталған комплаенс қызметі қалыптасуда. Сондай-ақ облыс орталығында және барлық аудан орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік моделі енгізілген.

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, парасатты қоғам құруға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру үшін еліміздің әр тұрғыны атсалысуы қажет екендігін атап өтті.