Аймақтар • 02 Қараша, 2020

"Oqýshyny qolda" қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға планшет берілді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, мектептерде сабақтың онлайн режимінде өтуіне байланысты оқушыларды қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған "Oqýshyny qolda" қайырымдылық акциясын бастаған болатын. Осы акцияға "AIDYN NURY Қайырымдылық қоры" қолдау білдіріп, жетпіс шақты планшет алып берді. Ал өңірлердегі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері оны жеткізіп беруге үлес қосып жатыр.  

"Oqýshyny qolda" қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға планшет берілді

Бүгін осы планшеттердің алтауы қызылордалық оқушыларға табыс етілді. Ерекше тоқталып өтетін жайт, Кәсіпкерлер палатасы өздігінен планшет немесе ноутбук қажет отбасылардың тізімін жасақтамайды. Тізімде бар-жоғын білгісі келетін отбасылар www.qoldau.edu.kz сайтынан балаларының ЖСН нөмірінің соңғы 6 санын теріп тексере алады. Ал балаларды тізімге қосу жұмыстарын мектептердің әлеуметтік педагогтары аудандық немесе қалалық білім бөлімі арқылы жүзеге асырады. 

Басты мақсат – мектеп білімінің онлайн режимге өтуіне байланысты Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қажетті техникамен, атап айтар болсақ, бастауыш сынып оқушыларын планшетпен, жоғарғы сынып оқушыларын ноутбукпен қамтамасыз ету.