Аймақтар • 03 Қараша, 2020

ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ 49 жолаушы ұшаққа отырғызылмады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 49 жолаушы ПТР анықтамасы болмағандықтан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатынайтын ұшақтарға отырғызылмады. Бұл жайында көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ 49 жолаушы ұшаққа отырғызылмады

Оның дерегінше, 2 қараша күні Шығыс Қазақстан облысынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бағытында ПТР анықтамасы бар 385 жолаушы ұшып кетті.

"Өскемен мен Семей әуежайларында Нұр-Сұлтан әуе рейсіне ПТР анықтамасы 33 адам жіберілген жоқ. Олардың екеуінде анықтаманың жарамдылық мерзімі өтіп кетсек, 31-інде мүлдем анықтама болмаған. Ал Алматы әуе рейсіне Өскемен мен Семей қаласының әуежайынан 11 адам ПТР анықтамасы болмағандықтан ұшаққа отырғызылмады. Сонымен қатар Өскеменнен Шымкент бағытындағы әуе рейсіне ПТР анықтамасы жоқ 5 адам жіберілмеді", дейді Садуақас Байғабылов.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 бойынша жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Оған сәйкес, ШҚО-дан әуе немесе темір жол көлігімен басқа өңірлерге сапарлайтын барлық жолаушыларда ПТР сараптамасын тапсырғаны және оның теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасы болуы тиіс.