Коронавирус • 03 Қараша, 2020

БҚО-да 3 жасар баладан коронавирус анықталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында 3 жасар бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да 3 жасар баладан коронавирус анықталды

"Балаға операция жасалмай тұрып, одан COVID-19 вирусының бар-жоғын білу үшін ПТР-тест алынды. Тест оң нәтижесі оң болып шықты. Ол балабақшадағы кезекші топқа барған. Қазір мектепке дейінгі білім беру мекемесі карантинге жабылды. Балабақшадағы барлық тәрбиеші мен балалар COVID-19 вирусының бар-жоғына тест тапсырды. Оның нәтижесі әзірге шыққан жоқ. Балабақша ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 7050-ге жетті, 121 адам қайтыс болды, 6 846 науқас жазылып шықты.