Спорт • 03 Қараша, 2020

"Қайрат" 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қайрат" командасы футболдан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Қайрат" 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін алматылық команда шымкенттік "Ордабасыны" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу есебін 36-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты. Артынша бас төреші "Ордабасы" қақпасына пенальти белгілеген. Осылайша Нұралы Әліп келіп, айып добын сәтті орындады. Бірінші таймда екі доп басымдығына ие болған "Қайрат" ойыншылары екінші таймды сылбыр бастады. Сөйтіп, 77-минутта "Ордабасы" командасының шабуылшысы Жоао Пауло есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 80-минутта қонақтар сапынан алаңға тыңнан шыққан Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына гол соғып, матч нүктесін қойды. 

Еске салайық, бұған дейін алты жыл қатарынан Қазақстан чемпионы деген атақты "Астана" командасы иеленіп келген. Бірақ биыл елордалық ұжым екінші орынға талас жүргізіп жатыр.