Оқиға орнына жедел тергеу тобы тез арада жетіп, жәбірленушіден өзін қорқытқан жігіттің бет-әлпетінің сипаттамасын алып, полиция экипаждарына бағыт-бағдар береді.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде көп ұзамай 29 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Одан айғақты зат ретінде ойыншық тапанша тәркіленді.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.