Әлем • 04 Қараша, 2020

Центризмге мүмкіндік беру

550 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Нью-йорк. Еуропаның озық ойлы интеллигенциясы саяси центризмді жиі сынға алып жүр. Олардың сөзіне сүйенсек, ор­таша жолды ұстануға жеткілікті назар аударылмаса, саяси ба­ла­ма партияның құрылуына кедергі келтіріп, әсіре солшыл не әсі­ре оңшыл партиялардың көбеюіне әкеліп соғады. Бұл тұр­ғы­­дан қарасақ, центризм популизм мен полярлануға әкеліп, ақыр со­ңында демократиялық принциптерге деген сенімсіздік күшейеді.

Центризмге мүмкіндік беру

Мұндай сараптамаға құқық­тық негіз бар. Демократия­ны алға ілгерілету үшін ашық әрі қызу талқыланған пікірталас қа­жет. Саяси балама партияларға кво-мәртебе арқылы ештеңе ойламас­тан есікті жабу – апатқа бастайтын қадам. «Дебат ешқашан аяқтал­майды. Аяқталмауы да тиіс. Әйт­песе демократия демократия болмай қалады», деп жазған-ды польшалық әлеуметтанушы, марқұм Зигмунт Бауман.

Бірақ бұл орталық-солшыл партиялар прагматизм мен байсал­дылықтан бас тартуы керек дегенді білдірмейді. Негізін­де, әлемнің қазіргі сайлау бәсе­келерінің нәтижесі көрсеткендей, олар қарама-қарсы әрекет жасауы тиіс. Көптеген елде саяси әртараптың ұлғайғанына қара­мастан, дауыс берушілердің басым бөлігі центристік ұстанымды болжамдағы мөлшерден артық қолдайтыны байқалады.

Өздерінің идеологиялық көз­қарасын күшейтуге талпын­ған солшыл саяси партиялар ди­­­лем­маға тап келеді. Партия бел­­сен­ділері үлкен идеологиялық нақ­­ты­лықты талап етсе, дауыс беру­­шілер айқындықтан гөрі праг­­­ма­тизмді талдауы артып ке­леді. Сон­дықтан озық ойлы көш­­бас­шылар үшін болашағы жар­­қын бағыт – ұзақмерзімді идео­­­ло­гиялық көзқараспен бір­тін­д­еп өз­герудің шындығын біріктіру болмақ.

АҚШ президенттігіне Демо­кратиялық партия атынан түсіп жатқан Джо Байденді алып қарайық. Байденнің күн тәртібі­не қойған мәселесі қалған демо­кратиялық партияның үміткер­леріне қарағанда, әлдеқайда про­грессивті әрі анық екеніне қара­мастан, Демократиялық партия атынан сынға түскен екі қарсы­ласы – сенатор Берни Сандерс пен Элизабет Уарренге қарағанда, центристік ұстанымға жақын шыққаны айқын аңғарылады.

Байденнің ұсынысы нені қол­дай­тынымен ғана емес, нені қолда­майтынымен де ерекше. Им­миграция мәселесінде бұрын­ғы вице-президент гуманитарлық салада жомарттық танытуды жақтаса да, шекараны заңсыз кесіп өтуді заңға тартпауға шақырған жоқ. Климат өзгеруі жөнінде көміртегі газынан таза тұрғын үйлерді соғуға үндеп, АҚШ-тың зауыттарын 2035 жыл­ға қарай парникті газдан ада етуге қатысты жоспарымен бөліссе де, өзінің солшыл партия­сының қолдауына ие Green New Deal келісімін толықтай қабыл­дайтыны туралы тіс жармады. Сондай-ақ гидравликалық жарылыс арқылы мұнай-газ өндіруге тыйым салу, полицияға қаржы бөлмеу, жалпыға ортақ ден­саулық сақтау төлемін енгі­зуге шақыруға асығар емес.

Байденнің центристік көз­қарасын оның әріптесі кали­фор­ниялық сенатор Камала Хар­рис те қолдайды. Ол өзінің әлсіз прогрессивті беделі үшін партия­сы тарапынан сынға ұшы­р­а­ған-ды. Бірақ қоғамдық пікір­ге жүр­гізілген сауалнама нәти­же­сінде, Байденнің АҚШ прези­денті Дональд Трамптан алда тұруы демократтар жеңіске жетер жолды тапқанын аңғартады.

Осыған ұқсас оқиға Жаңа Зеландияда да болды. Премьер-министр Жакинда Ардерн 17 қазанда өткен жалпы сайлауда ел басқару құқығын жеңіп алды. Прогрессивті ортада Ардерн жаһандық тұлға ретінде та­ныл­ған. Ол – лауазымды қыз­мет атқарып отырған кезде дү­ниеге сәби әкелген тарихтағы екінші премьер-министр. Оның халықпен ашық әрі әділ байланыс орнатуы нәтижесін берді. Енді, ол биылғы бейбітшілік жө­ніндегі Нобель сыйлығына басты үміткер атанып тұр.

Алайда Ардерннің жаһандық имид­жіне қарағанда, елдегі беде­лі өзгермелі амбициясы емес, цент­рис­тік икемділігіне тіке­лей бай­ланысты. Алғашқы мер­зім­де үш партиядан құрылған коа­­ли­­цияны басқарған Ардерн өзі­нің ұзақ мерзімді саяси ұсы­ныс­­тарын, соның ішінде Жаңа Зелан­диядағы тұрғын үй дағ­дары­сын шешу жөніндегі баста­ма­сын енгізе алған жоқ. Бірақ ол Covid-19 пандемиясымен кү­ресте жүр­гізген тиімді жұмы­сы­ның нәти­жесін көрді. Оған қоса, 2019 жыл­ғы наурызда Крайст­чер­чтегі мешіт­те намаз оқып жат­қан 51 мұ­сыл­манды жаппай атып өлтір­ген оқиға кезіндегі нақты әрі жанашыр әрекеті де оның абыройын арттырды.

Таяуда жүргізген сайлау ал­ды кампаниясында Ардерн­нің Лей­бор партиясы центристік көз­қарастағы дауыс берушілерге ұнай­тындай орташа деңгейде реформа жасау ұсынысына басым­дық берді. Олардың қатарында тө­мен­гі жалақы мөлшерін шек­ті түр­де өсіру, экономиканы қалпы­на кел­тіру мақсатында табысы мол­дарға салықты ұлғайту, сонымен қатар қоғамға қызмет ететін по­ли­ция қызметкерлерінің санын арт­тыру секілді саяси құқықты қам­­та­масыз ету бастамалары кіреді.

Өз кезегінде Ұлыбританияның Лейбор партиясы қазіргі таңда солшыл партияның тізгінін ұс­таған Джереми Корбин қыз­меті­нен кетуіне мәжбүрлеген 2019 жылғы желтоқсандағы оңбай жеңілістен кейін қайта қолдауға ие болу үшін өздерін центристік саяси күш ретінде көрсетуге талпынып жатыр.

Корбиннің орнына келген Кейр Стармер Лейбор партиясы­ның жыл сайынғы конференциясын қыркүйекте виртуалды түрде өткізіп, бұрынғы басшы­ның саясатынан бас тартатынын мәлімдеді. Стармердің «жа­ңа көшбасшылығы» Лейбор пар­тиясының бағытын отба­сы­­лық құндылықтарға басым­дық­ беруге бұрып, қауіпсіздік пен эконо­микалық дамуға екпін бермек.

Конференциядағы сөйлеген сөзінде Стармер көңілі толма­ған электораттарға қарата: «Біз де сіздер секілді елді жақсы көре­міз», деп айтты. Оның мұн­дай қадамға баруы солшыл патрио­тизмге басымдық бер­ге­нін аң­ғар­тады. Бұл Лейбор пар­­тия­сының бұрынғы ұстаны­мынан айнығанын да көрсетеді.

Стармердің басты мақсаты – Корбин кезінде партиядан шыққан жұмысшы таптың көңілінен шығу. Әзірге жоспар жүзеге асып жатқан секілді. Ұлыбританияның келесі жалпы сайлауы 2024 жылға дейін өтпейтініне қарамастан, таяуда жүргізілген сауалнама Лейбор партиясы қазіргі биліктегі Кон­сервативті партиямен иық тірес­ті­ріп тұрғанын көрсетті.

Озық ойлы саясаткерлерде бар қазіргі тың серпін бір-бірімен саяси сахнада электораттарға таласып жүрген қарсыластарға саяси центризм туралы маңызды сабақ болмақ.

Олар кво-мәртебемен ешқа­шан келіспейтіні анық. Пандемия кезінде ғана емес, саяси балама партиялар ұсыну және жарқын болашақ ұмтылудың маңызы әрдайым ерекше. Бірақ электораттар жылдарға созылған поляр­лықтан шаршағандықтан, күшін қайтарып, қолына шоғыр­лан­дыруды көздейтін прогрес­сивті партиялар центристік көзқарасқа басымдық бергені жөн.

 

Михаэль БРЕНИГ,

Нью-Йорктегі Friedrich-Ebert-Stiftung орталығының директоры, Германия социалистік-демократиялық партиясының негізгі құндылықтар комиссиясының мүшесі