Коронавирус • 04 Қараша, 2020

Коронавирус жұқтырған 148 адамның жағдайы нашар

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастар жайында ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 148 адамның жағдайы нашар

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.