Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Сау қызын өлді деп, елден қаражат жинаған қазақстандықтың ісі әшкере болды

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қостанай облысының тумасы Кореядағы емханада қайтыс болған қызының денесін елге алып келу үшін қаражат жетпей жатқанын жеткізген хабарламалар тараған-ды. Ел болып, келіншекке көмектесуді ұйғарған азаматтар да табылған еді. Десе де, әйелдің бұл әрекеті оңай ақша табудың амалы болып шыққан, деп жазады Egemen.kz

Сау қызын өлді деп, елден қаражат жинаған қазақстандықтың ісі әшкере болды

28 қазанда "Қостанай жаңалықтары" басылым қызы Инабат Мұхиттің денесін Сеулден алып шығу үшін көмекке мұқтаж Мадина Айдан есімді азаматша туралы жазды.

Әйел қызының 27 қазанға қараған түні қайтыс болғаны, осыдан кейін ол клиникаға қарыз болып қалғанын айтқан. Мадина Айдан енді қызының денесін өзімен бірге алып кету үшін қаражат таба алмай отырғанын айтып, елден көмек сұраған.

Сондай-ақ әйел өзіне тек 685 доллар жетпей тұрғанын, қалған соманы ағайын-туыс пен дос-жаран жинап бергенін айтыпты. Мадина бұл жағдайда Кореядағы Қазақстан елшілігінен көмек сұрағанын, бірақ нәтиже болмағанын да мәлімдейді.

Тиісті қаражатты жинауға жергілікті еріктілер қозғалысы да атсалысады. Десе де істің соңында әйелдің алаяқтықпен айналыспақ ниеті белгілі болып қалған. Мадина Айданның Инабат есімді қызы, одан бөлек 3 баласы бар екені рас. Бірақ Инабат тірі, ешқандай қатерлі дертке шалдықпаған болыпы шығады. Ал алаяқ әйел елді сөндіру үшін Алматы облысында тұратын Камилла Реброва есімді қыздың фото-суретін қолданған екен. 

Өз қыздарының фотосуретін әлеуметтік желіден көрген Ребровтар отбасының әрекеті бұл істің шындығына көз жеткізуге мүмкғіндік берген. 

LIDER.KZ қозғалысының еріктілері Ребровтардың туыстары хабарласқан алдаудың бетін ашуға көмектесті. Нәтижесінде Мадина Айдан жиналған ақшаны - 970 000 теңгені қайтаруға мәжбүр болды. Мадина Айданның отбасы сенген және әйелдің "жанайқайына" жауап бергендердің бәрінен кешірім сұрады.