Спорт • 04 Қараша, 2020

"Барыс" Риганың "Динамосын" ұтты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген "Барыс" түрақты біріншіліктің кезекті турында Риганың "Динамосын" қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Барыс" Риганың "Динамосын" ұтты

Нұр-Сұлтанда өткен бәсекеде "Барыстың" басымдығы еш күмән туғызған жоқ. Бірінші кезең шиеленісті өткенімен, қос команда біразға дейін бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Тек кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Линус Виделль есеп ашты. Бұл – 35 жастағы швециялық шабуылшының ҚХЛ-дағы 100-голы. Командалар үзілістен шыққан бетте айдын иелері екінші шайбаны қақпаға енгзіді. Бұл жолы Виктор Сведбергтің оңтайлы пасынан кейін Кертис Волк нысананы дәл көздеді. Ойынның 25 минутында Мэтт Фрэттин жергілікті жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Осылайша, бұл кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Енді өзінің келесі үш кездесуін "Барыс" сыртта өткізеді. Атап айтсақ, 8 қарашада Череповецте "Северстальға" қарсы ойнаймыз. Ал 10 және 12 қараша күндері Ярославльдің "Локомотив" және Нижнекамскінің "Нефтехимигімен" күш сынасамыз.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025