Елорда • 04 Қараша, 2020

Мобильді топтар карантин тәртібін бұзушыларды анықтауда

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша мобильді топтардың рейдтері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мобильді топтар карантин тәртібін бұзушыларды анықтауда

Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды.

Карантин кезінде жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де жиі кездеседі. Сонымен, 4 қараша күні сағат 01:36-да мобильді топ жұмыс істеп тұрған Tequila барын анықтады. Барда 30 келуші болған.

Flash компьютер клубында антисептик, дене температурасын өлшеуге арналған термометр және дезинфекциялық төсеніш болмады. Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтар бар. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Бұған дейін хабарлағандай, 1 қарашадағы жағдай бойынша аудандық полиция басқармаларынан 1700-ден астам материал түскен. 800-ге жуық жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.