Қоғам • 04 Қараша, 2020

Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашылады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашылады

Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық "Fly Arystan", "SCAT" және "Qazaq Air" әуе компаниялары орындайды.

Сонымен бүгіннен бастап "Fly Arystan" әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастады. "Fly Arystan" рейстеріне әуе билеттердің бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.

Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.