Қоғам • 04 Қараша, 2020

Жолаушы билеттерінің құны қайтарылады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында пойызға ерте билет сатып алған жолаушылар билеттерін кері тапсырып, ақшасын толық қайтара алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолаушы билеттерінің құны қайтарылады

Алматы 2 – Өскемен 1 және Нұр-Сұлтан – Өскемен 1 бағытындағы пойыздардың жүру жиілігі азайды. Сапарға шығар алдында барлық жолаушы ең кемі үш күн бұрын ПТР-тест тапсырулары шарт. Қолда тестің анықтамасы жоқ азаматтар жолға шыға алмайды.

"ПТР тес тапсырушылардың кезегі азайды. Төрт жаңа талдау пункті ашылды. Оның екеуі Семейде, екеуі Өскеменде. Естеріңізге сала кетейін, облыста жалпы қуаттылығы тәулігіне 7 мың зерттеу таңбаларымен жұмыс істей алатын 10 зертхана қызметін үздіксіз атқарып тұр. Бұл жүктеме облыс аумағына артығымен жеткілікті деп ойлаймын", - дейді облыстың мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.