Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Тәлімгерлік институты тиімділігін көрсетуде

656 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жас мамандарды бейімдеу мен оқытудың сыннан өткен әрі тиімді әдісі ретінде танылуда. Тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті онлайн режімде «Кәсіби мемлекеттік қызмет – елдің тірегі» тақырыбында TEDx ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол тәлімгерлер мен мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жастар қатысты.

Тәлімгерлік институты тиімділігін көрсетуде

Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева жастарды дамудың қозғаушы күші, қоғамның әлдеқайда бел­сенді, бастамашыл тобы еке­нін, сондықтан да мемлекеттік қызметте жас мамандарға ерек­ше көңіл бөлінетінін және сынақ кезеңінде оларға жылдам бейімделу үшін тәлімгерлер тағайындалатынын атап өтті.

«Тәлімгерлік институты  – жас мемлекеттік қызмет­шілердің кәсібилігін арттыру­дың қозғаушы күші. Жыл басынан бері 261 жас маман тәлімгерлікпен қамтылды», деп Р.Братаева атап өтті.

Іс-шарада департамент ұйымдастырған, ал­ғаш рет қабылданған мем­ле­­кет­тік қызметшілер ара­сын­­да өткізілген жасырын онлайн сауалдаманың қоры­тындылары ұсынылды. Сауал­­­дамаға қатысқан жас ма­­ман­дардың 98,5%-ы тәлім­­­герлік институтының тиім­ділігіне оң баға берді.

Тәлімгерлер тәлімгерлік қызметті ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен, кәсіби бейімделу саласындағы идея­ларымен және кеңестерімен бөлісті. TEDx-тің алғаш­қы спикері ретінде Жарқа­йың ауданы әкімі аппараты­ның бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Николай Подрезов сөз сөйлеп, тәлім­герлікті ұйымдастыру кезін­дегі өзекті мәселелерді жиі талқылауға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл өзгерістерге уақтылы ден қоюға және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақмола облысы құрылыс бас­қармасы басшысының орын­басары Елена Искакова қо­йылған мақсатқа жету үшін өз білімін үнемі толықтырып оты­­ру, өзін-өзі дамытумен ай­на­лысу, ұжымның қоғамдық өмі­рі­не белсенді қатысу және пат­риот болу қажеттігін атап өтті.

Р.Братаева Е.Искакова­ның мансаптық ілгерілеудің жарқын мысалы екені, мем­лекеттік қызмет жүйе­сінде 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, өз қызметін бас маман лауазымынан бастағанын атап өтті.

Зеренді ауданы әкімі аппара­тының бірыңғай персо­налды басқару қызметі­нің басшысы Жанна Иб­раимова өзінің тәлімгер­лік қызметіндегі жеке тәжірибе­сімен бөлісті. «Мемлекеттік қыз­метке алғаш келген кез­де жұмыста белгілі бір қиын­дықтарды бастан кешір­дім. Тәлімгер маған осы қиын­дықтардан сүрінбей өтуге көмектесті. Екі жылдан кейін мен кадр қызметінің басшысы болып тағайындалдым және менің осылай кәсіби тұрғыда өсуім тәлімгерлік институтының арқасында болды. Бүгінгі таңда мен жас мамандардың тәрбиесіне зор көңіл бөлемін», дейді Ж.Ибраимова.

Іс-шара соңында мемле­кет­тік қызметке алғаш қадам басқан жас мамандар TEDx-ті ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

«Мен үшін тәлімгердің рөлі құнды. Ол әрқашан күр­­делі міндеттерді шешуге көмек­теседі, пайдалы ке­ңес­тер береді. Кәсіби қол­дау­ды сезіну өте маңызды», дей­ді сынақтан өтіп жатқан мем­лекеттік қызметшілердің бірі.

Іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақ­тарын қойды.

«Аға буынның жинақтал­ған көп жылдық тәжірибесі қызметкерлердің жас буыны үшін әрқашан маңызды болған және болып қала береді. Бүгінгі іс-шара тәлімгерлер үшін де, жас мемлекеттік қызметкерлер үшін де пайдалы болды деп ойлаймыз», дейді жиынды ұйымдастырушылар.

 

Жазира ТОҚТАР,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері