Елорда • 05 Қараша, 2020

Елордада құрамында сынап бар шамдарды жинауға контейнерлер орнатылды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қала экологиясын жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада құрамында сынап бар шамдарды жинауға контейнерлер орнатылды

Бұл тапсырманы ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің жолдауында қойды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда барлық аудандарда құрамында сынап бар шамдарды, термометрлер мен батареяларды жинауға арналған 600-ден астам контейнер орнатылды.

"Тұрғындар шамдарды сонда тастайды, біздің компания контейнерлерден жинап, зауытқа әкеліп, зарарсыздандырады", дейді "НТП Kazecotech" ЖШС бас директоры Владимир Андреев.

1 қарашадағы жағдай бойынша 500-ден аса шам лампалары жиналған. Осылайша, 3 миллион 908 мың текше метр ауаның улы бумен ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар контейнерлерге қызмет көрсету кезінде компания вандализм және басқа да бірқатар мәселелерге тап болады.

"Көбіне көліктер, бұзақылар контейнерлерге зиян келтіреді, бөлшектерді – есіктерді, сөрелерді, қораптарды және басқаларын ұрлайды. Мұның бәрі адамдар арасында түсінбеушілік туғызады. Осыған байланысты әкімдік хабарландырулар, оның ішінде +7 708 425 15 88 және 8 (7172) 25 15 88 телефон нөмірлері жазылған белгілер орнатуда", деп түсіндірді Владимир Андреев.

Қоңырау түскен жағдайда келу және кемшіліктерді жою екі сағат ішінде жүзеге асырылады. Компания қызметкерлері сонымен қатар меншікке жауапкершілікпен қарауды талап етеді, өйткені бұл, басқалармен қатар, барлық азаматтардың өмір сүру сапасына әсер етеді.