Спорт • 05 Қараша, 2020

Велоспорт: Александр Власов тағы да 24-орынды иеленді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Пиреней түбегінде өтіп жатқан "Испания Вуэльтасы" көпкүндігінің 14-кезеңі бельгиялық велошабандоз Тим Велленстің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Велоспорт: Александр Власов тағы да 24-орынды иеленді

"Lotto Soudal" клубы сапында өнер көрсететін айтулы спортшы Луго мен Оренсе қалалары аралығын қамтыған 204,7 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 37 минут 05 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды канадалық Майкл Вудс ("EF Pro Cycling") пен чехиялық Зденек Штыбар ("Deceuninck-Quick Step") иеленді.

"Астананың" велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов  қол жеткізді. Ол 24 сатыға табан тіреді. Бір айта кетерлігі, реселйлік легионер 23 кезеңде де дәл осындай нәтижеге иек артқан болатын.  

Жалпы есептегі жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Әлі де "Team Jumbo-Visma" клубының серкесі Примож Рогличке тең келер ешкім табылар емес. Словениялық спортшының уақыты – 53:57:05. Эквадорлық Ричард Карапас ("INEOS Grenadiers") екінші және ұлыбританиялық ХьюКарти ("EF Pro Cycling") үшінші сатыға жайғасты.

Ал қазақстандық команданың мүшесі Александр Власов тоғызыншы орнын сақтап қалды.