Руханият • 05 Қараша, 2020

Оразақ Смағұловтың 90 жасқа толуына орай конференция өтті

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық антропологияның негізін қалаған Оразақ Смағұловтың 90 жасқа толуына орай конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оразақ Смағұловтың 90 жасқа толуына орай конференция өтті

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих жәнеэтнология институтында "Оразақ Смағұлов – Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы" тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Смағұлов Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналды.

Жиынды салтанатты жағдайда ашқан Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры З.Қабылдинов ғалымның еңбек жолына қатысты мазмұнды мәліметтер беріп, қатысушылармен таныстырып өтті. Конференция барысында ұлттық антропологияның атасы атанған Оразақ Смағұлұлының Қазақстан антропология ғылымы дамуына қосқан орасан зор үлесін сегіз мемлекеттен қатысқан ғалымдар өз баяндамаларына арқау етті.

Ұзақ жылдар бойы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология академиялық институтында жұмыс істеп, осы қара шаңырақта Қазақстандағы тұңғыш этникалық антропология зертханасын құрған О.Смағұлұлы бастамашы болған осындайзертханалар Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музей, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанында да жұмыс істейді. Ғалым бүгінде осы зертханаларда ғылыми-зерттеулерін жалғастырып келеді. Академик көптеген еңбектерінде, монографиялар мен мақалаларында жинақталып берілген этникалық краниология, серология, палеоантропология, соматологии, одонтология, дерматоглифика саласындағы зерттеулері ғылыми және мәдени қауымдастық арасында зор сұранысқа ие.

Алқалы жиын ғалымның мерейтойына арналған құттықтау хаттарды оқумен жалғасып, ҚР ҰҒА академигі М.Қойгелді, Мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары, тарихы ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Қамзабекұлы, тарихы ғылымдарының докторы, профессор А.Тоқтабай,  белгілі антрополог А.Смағұлова, т.б. антрополог-ғалым, ұстаз хақындағы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, құттықтау-лебіздерін арнады.