Елорда • 05 Қараша, 2020

Елордада коронавируспен ауыратын адамдар саны 27 пайызға өсті

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада қазан айының басынан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада коронавируспен  ауыратын адамдар саны 27 пайызға өсті

Соңғы жеті күнде репродуктивті сан бірліктен асып, бүгінде 1,12-ні құрады. Соңғы аптада COVID-19 ауруы 1,3 есе немесе 27%-ға өсті. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

"4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының жалпы 14709 жағдайы тіркелді. Олардың 9030-ы симптомды, 5679-ы симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады", деп хабарлады елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықты бақылау 4 қарашадағы жағдай бойынша 596 жағдай тіркелгенін көрсетті. Соңғы 5 аптада күніне 5 жағдай тіркелуде.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Муратовтың айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда төсек-орын сыйымдылығы 1020 бірлікті құрайтын жеті аурухана бар. Коронавирус инфекциясымен 85 және пневмониямен жатқан 29 науқас бар. Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14 жағдай КВИ бойынша шақырады.

Елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.

Ауруханаларды COVID-19 емдеуге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, ұйымдар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторларымен және 1584 оттегі нүктелерімен толық жабдықталған.

Сонымен қатар қосымша үш оттегі резервуары, 601 флуометр, 500 көпфункционалды медициналық төсек-орын, 2 жылжымалы рентген кешені, 6 рентген аппараты сатып алынды.