Әлем • 05 Қараша, 2020

Оқушыларымыз Балқан математика олимпиадасынан 6 медаль жеңіп алды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқушыларымыз Балқан математика олимпиадасынан 6 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математикалық олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Румыния елі ұйымдастырған олимпиада 31 қазан мен 5 қараша аралығында қашықтан өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18 елінен 154 оқушы қатысып, бақ сынасты. Балқан математикалық олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 6 оқушы қатысты.

Балқан математикалық олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан Олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.

37-ші Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ұлттық құрама команда екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды.