Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Жамбылда театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат етілді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның ағымдағы жылғы 5 қарашадағы №40 "Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап облысаумағында карантин талаптары жеңілдетіліп, театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат етілді

Сонымен қатар, алдағы екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшірілетін болды. Алайда, әрбір сыныптардағы балалардың саны 15-тен аспайды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, ал, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші кластарда оқытуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, бүгінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық, маскалық және әлеуметтік қашықтық режимін сақтай отырып, театрлар мен мешіттердің  жұмыс істеуіне  рұқсат етілді.

 

Жамбыл облысы