Арық желілерін түгендеу қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жағдайдың өзектілігі, бұрыннан бар арық желілері мен жауын кәріздерінің карта-сызбасын әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сондай-ақ, жасыл желектерді сумен қамтамасыз етудің және жаңбыр суларын ағызудың кешенді шараларын әзірлеу міндеті қойылды.
Түгендеу нәтижесінде 1523 шақырымды құрайтын суармалы арықтардың жалпы ұзындығы белгіленді. Соның ішінде аудандық әкімдіктер еншісінде - 1138 шақырым, аулалардың аумағында - 245 шақырым, саябақ аймақтарында - 60 км. 424 шақырым арық желілері жөндеуді немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Суару үшін 168 шақырым арық қолданылады.
Нысандардың төлқұжаттары бойынша геодеректер базасы жасалды, түгендеу карталарының кешені, сондай-ақ арық желілері ме жаңбыр кәріздерін абаттандыру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Алматының арық желілері өзінің маңызы бойынша көпсалалы және жасыл желектерді суаруға әрі жайлы микроаухал құруға арналған.
Алматы