Қазақстан • 05 Қараша, 2020

Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті

Кездесу барысында министр сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Бұл, әсіресе, рухани дәстүрлерді қалыптастыратын және бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосатын діни бірлестіктерге қатысты.

Сондай-ақ, министр Қазақстанның Православие Шіркеуі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруда, қоғамда ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауда, жастарды патриоттық сезімге баулуда мемлекеттің сенімді серіктесі екенін атап өтті.

Аида
Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздің діни бірлестіктерімен, соның ішінде православие шіркеуімен серіктестік қарым-қатынас орнатып жатқанын атап өтті.

Өз
кезегінде митрополит Александр Қазақстандағы тиімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастар діни ахуалдың тұрақтылық арнасында ұдайы дамуына ықпал ететінін және қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Тараптар
конфессияаралық келісім мен дінаралық диалог қағидаттарын ілгерілету бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Кездесу
соңында министр еліміздің басты мәдени және рухани ескерткіштерінің біріАлматы қаласындағы Вознесенск кафедралды соборы өз қызметін қайта бастауына 25 жыл толуымен құттықтап, бейбітшілік, жақсылық пен амандық тіледі.