Ауа райы • 05 Қараша, 2020

Көктайғақ, жел, тұман: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Көктайғақ, жел, тұман: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 6 қарашада күндіз, 7 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.