Саясат • 06 Қараша, 2020

Сайлауға қандай партиялар қатысады?

1003 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға 6 саяси партияның қатысуына рұқсат берді.

Сайлауға қандай партиялар қатысады?

Партия төрағасы Серік Сұлтан­ғалидің айтуынша, «Бірлік» партиясы басқару органдарына ғана емес, маз­мұнына да әсер ететін қайта жаңғыруға дайын.

– Біз партия атауын өзгерту мәсе­ле­сіне (ребрендинг) қатысты зерттеу жүргіздік. Бұл зерттеуді кәсіби әлеу­мет­танушылар жүргізіп, олар атаудың 10-ға жуық жаңа нұсқасын қарас­тырды. Талдау нәтижесінде атаудың «Адал» нұсқасы көп қолдауға ие болды. Мұны әлеуметтанушы сарапшылар тұрғындардың жаңашылдыққа, әділеттілікке деген сұранысымен түсіндіріп отыр. Солай бола тұра, адам­дар әділеттілік сөзінің аясына көп дү­ниені сыйдыратыны байқалады. Оны сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрестен бастап, шешімдер қабыл­даудағы ашықтықпен аяқтауға болады, – деді партия төрағасы.

Партия атауын өзгерту туралы ұсы­ныс саяси кеңес мүшелерінің дауыс беруіне шығарылып, нәти­жесінде бір­ауыздан «Адал» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында партияның сай­лауға қатысуға дайындығы туралы мәселе талқыланып, сайлауалды нау­қанның  7 бағыты ұсынылды. Бұл бағыт­тардың ішінде тұрғындардың кірі­сін арттыру, әділетті мемлекет қа­лып­тастыру, білім беру мен адами капи­талды, аймақтар мен агроөнер­кәс­іптік кешенді дамыту, жастарға жағдай жасау және сыбайлас жемқор­лықпен күресу мәселелері бар. Нау­қанның соңғы нұсқасы 16 қарашада сайлау алдындағы съезде бекітіледі.

Серік Сұлтанғали күн тәртібіндегі сайлауалды мәселелерден бөлек, сая­си кеңеске енген партияның 9 жа­ңа мүшесін таныстырды. Олардың қатарында «Атамекен» ҰКП Басқар­ма мүшесі Эльдар Жұмағазиев, «Шо­пан Ата» ұлттық қой өсірушілер қауым­дастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев, Тәжірибешіл экологтер қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, әлем чемпионы, қоғам қайраткері Ардақ Назаров, тележурналист Мақсат Толықбай, тележурналист, әлеуметтік жобалардың авторы Дәулет Мұқаев, қоғам қайраткері Игорь Шацкий, «Адал» партиясы филиалының басшысы Мұрат Қожамқұлов бар.

– Қазір біз Мәжіліс пен мәсли­хат­тар үшін партиялық тізімдерді қалып­тастырудамыз. Қорытынды бойынша әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота сақталады. 30 қыркүйекте өткен съезде өз күш-жігеріміз, тәжіри­беміз бен көзқарасымыз бар екенін айт­қан болатынбыз. Өз сөзімді, пар­тия­ның жаңаруын растаймын. Жаңа құрылымның енгізілуі  бізді одан әрі нығайта түседі. Бүгін біздің саяси кеңе­сімізге өз тәжірибесімен, білімі­мен бөлісе алатын түрлі саладағы жаңа тұлғалар, қоғам қайраткерлері енді. Біз сайлауға қатысуға дайындалып жатырмыз, тиісті идеологиялық, талдау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды, – деді С.Сұл­танғали.

Отырыс соңында «Адал» партия­сы мен Экологтер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат­тың негізгі мақсаты – Қазақстан­дағы қоршаған ортаның сапасын жақ­сартудағы өзара іс-қимылды кеңейту, тараптардың ынтымақтас­тығын арттыру саналады. Партия мен қауым­дастық еліміздің экологиялық заңна­масын жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлейді. Сондай-ақ қоршаған ортаның, экологиялық зерттеулер мен экологиялық мәдениеттің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.