Қоғам • 06 Қараша, 2020

Сотталғандарға көмек көрсетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депар­таментінің Алматы аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталған азаматтарға көмек ұйымдастырды. Іс-шараға өңірдегі «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі мен «Қайырымды жандар» тобының волонтерлері үн қосып, пробация қызметкерлерімен сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету жолдарын талқылады.

Сотталғандарға көмек көрсетті

Ал волонтерлермен кездесу кезінде  бас бостандығынан айы­рылып, шартты жазаға ауыс­тырылған азаматтар өз бастарынан өтіп жатқан қиындықтармен бөлісті. Соның ішінде   қоғамға қайта бейімделу кезінде  алдарынан шығатын моральдық-пси­хологиялық, әлеуметтік кедер­гілер туралы ашық  пікір білдірді.

Кездесуден соң «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі мен «Қайы­рымды жандар» волонтер­лік тобы  Алматы ауданының про­ба­ция қызметінде есепте тұрған мұқ­­таж отбасыларға  киім-ке­шек та­ратты.

– Аталған іс-шара  2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық   іс-шаралар жоспарының 12-тар­мағына сәйкес өткізілді. Іс-ша­ра  Алматы аудандық пробация­ қызметінің  «Шаңырақ» және «Қайырымды жандар» қоғам­дық бірлестіктерімен жасасқан  меморандумы аясында ұйым­дастырылды. Сотталған азаматтар мен волонтерлер  кез­десуін ұйым­дастырудың негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қолдау көр­сету, қоғамның қол­дауына мұқ­­таж жандардың өмірде өз жол­­­дарын табуына көмектесу, ор­­таға  бейімделіп кет­кенше қайта қылмыс жасауына жол бер­меу. Осы ретте пробация қыз­­мет­керлері сот­­талған аза­мат­та­ры­мыздың тү­зелуі жолын­да  әр­дайым кө­мек көрсетуге дайын», дей­ді  Ақтөбе қаласы Ал­маты аудан­дық пробация қыз­метінің инс­пекторы,  әділет аға лейтенанты Досжан Турин.