Экология • 06 Қараша, 2020

Жайықтың экожүйесін сақтауға бағытталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Соған сәйкес 2021-2024 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданбақ.

Жайықтың экожүйесін сақтауға бағытталды

Бірлескен бағдарламаның жобасы Жайық трансшекаралық өзе­ні бассейнінің экожүйесін сақ­тау жө­­ніндегі Қазақстан-Ресей ко­мис­сиясының екінші отырысында тал­қыланды.

Бейнебайланыс форматында өткен кездесуде Қазақстан тарапынан Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, сондай-ақ көршілес елден Ресей Федерациясы Табиғи ресурс­тар және экология министрінің орынбасары Сергей Ястребов қатысып, ортақ акваторияның келешегін пысықтады.

Басқосуда Парламент Мәжі­лісі мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемле­кеттік Думасының депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік құры­лым­дар мен қоғам өкілдері де Жайық өзеніне байланысты қор­далан­ған проблемалар туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында аталған өзен бассейнінің экожүйесін жақсарту мен трансшекаралық ластануды болдырмау жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы айтылды.

Бұған қоса қатысушылар 2019 жылғы шілде айында халықаралық тәжірибені зерделеу және Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтаудың бірлескен институционалдық және эко­номикалық тетігі бойынша ұсы­ныстар дайындау жөніндегі семинарда айтылған ұсыныстарды талқылады.

Маңызды отырыстың қоры­тын­дысына сәйкес Жайық транс­ше­каралық өзені бассейнінің эко­жүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынты­мақ­­тас­тығының 2021-2024 жыл­дарға арнал­ған бағдар­лама­сына 12-13 қарашада Көк­ше­тауда өтетін Қазақстан мен Ресей Феде­ра­циясының XVII өңір­ара­лық ын­­тымақтастық форумы шең­берінде қол қою туралы ше­шім қабылданды.