22 Қараша, 2013

Инновациялар көрмесі

275 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында «WESTKAZIN­VEST-2013» атты тақырыпта халық­аралық бизнес форум жұмысына Ресей, Беларуь және Қазақстан мемлекеттерінің іскер топ өкілдері мен ғалымдары және мемлекеттік орган жетекшілері қатысты. Осы басқосу аясында инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, оған әр елдегі 80 кәсіпорын өз өнімдері мен көрсететін қызмет түрлерін таныстырды.

Аталған ауқымды іс-шараның басты мақсаты – әр мемлекеттегі инвестициялық мүмкіндіктерді ортаға салу, бизнестік құрылымдардың байланыс аясын кеңейту, осы арқылы интеграциялық үрдістердің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру.

Форумның ашылу рәсімі кезінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров тәуелсіздік жылдары елімізге 200 мил­лиард теңге шетелдік инвестиция тартылғанын атап көрсетті. Ал Ресей­дің Орал қаласын­дағы бас консулы Сайд Забитов бүгінгі таңда ресейлік 76 кәсіпкерлік субъектісі Қазақстанда табысты еңбек етіп жүргенін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстары өзара сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағытта 250 келісім жасас­қан. Екі ел арасындағы тауар айналымының қырық пайызы шекаралас аймақтардың еншісіне тиетіні бүгінгі халықаралық форумның мәні мен мақсатын тереңдете түседі.

Форумда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, туризм, иннова­ция салаларына байланысты тиісті ме­ке­ме-кәсіпорындармен, қоғамдық ұйым­дармен жалпы құны 170 миллион доллар көлеміндегі инвестициялық меморандумдарға қол қойды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

Соңғы жаңалықтар