Технология • 06 Қараша, 2020

Марсқа қашан көшеміз?

770 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары Марсқа жетудің түрлі амал-тәсілдері жасалып жатыр. Бірі сол ғаламшарды игермек болса, бірі Жерді қорғау мақсатында аянып қалмауда. Әсіресе соңғы бірнеше жылдың ішінде Жер мен Марстың арақашықтығы айтарлықтай жақындаған.

Марсқа қашан көшеміз?

Еуропаның ғарыш агенттік­тері ғаламшарға әзірге еш құрыл­ғысын қондырған жоқ. Себебі осыдан төрт жыл бұрын олардың алғашқы тәжірибесі сәтсіздікке ұшыраған еді. Дегенмен алдағы іс-тәжірибелерге АҚШ пен Ресей көмекке келмек.

Осы орайда Илон Маск ExploreMars.org Twitch-те сөй­леген сөзінде 2024 жылы адам­дарды қызыл ғаламшарға аттан­дыруға ниетті екенін айтты. И.Маск Марсқа ұшатын SpaceX ға­рыш кемелерінің билеттерінің бағасын жариялады. Оның айтуынша, билет бағасы ғарыш кемесінің көлеміне байланысты болмақ. И.Маск өзінің Twitter парақшасында «Билет құны 500 мың долларға жетуі мүмкін, бәлкім 100 мың долларға теңесуі ғажап емес. Жолдама құны эко­номикасы дамыған елдер тұр­ғын­дарының Жердегі үйін сатып, билет алуына жеткілікті», деп жазды.

SpaceX компаниясы Марсқа 2020 жылдың ортасында Starship пен Super Heavy ғарыш кемелерін жіберуді жоспарлап отыр. И.Маск Марста 2025 жылға қарай өзін өзі қамтамасыз ете алатын қала­шықтың пайда болатынына сенімі мол. Бұл процестің жүзеге асуы қиынға соғатынын, алайда жос­парлы түрде әрекеттер іске асатынын мәлімдеді.

И.Маск тоғыз жыл ішінде адамдарды Марсқа апаратын мыңға жуық жұлдыздық кемені дайындап шығаруды қолға алды. Әрине, мұндай мерзімде орындала ма, жоқ па белгісіз. Алайда жаһандық проблемалардың өріс­теуі күн сайын артып жат­қандықтан, асы­ғу керек екенін алға тартты.

Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш зондын Марс­қа жіберген алғашқы араб мем­лекеті болды. «Әл-амал» ап­па­ратын 20 шілдеде Танэгасима ара­лындағы ғарыш айлағынан жа­пондық зымыран-тасығышы аспанға ұшырған болатын.

Бастапқыда ұшыру 14 шілдеге белгіленді, бірақ ауа райының қо­лайсыздығына байланысты ұшу барысын екі рет ауыстырды. Ду­бай­дағы Мухаммед бин Рашид ғарыш орталығында Колорадо уни­верситетінің атмосфералық және ғарыштық физика зертханасымен бірге әзірленген ғарыштық зонд жеті айдан кейін қызыл планетаға жетеді деп болжануда.

БАӘ-нің Марс миссиясының мақсаты − атмосфераны, климат­тық жағдайларды және жыл мез­гілдерінің ауысуын зерттеу. Аппарат орбитада бүкіл Мар­сиандық жыл бойы қалуы керек. Яғни, оның ұзақтығы жердегі жыл­мен салыстырғанда екі есе көп.

Бұдан бөлек ғарыштық зонд алғаш рет атмосфераның төменгі қабаттарын және марс­тық ауа райын, соның ішін­де шаңды дауылдардың қалып­тасуын зерттейді. Кеменің ар­найы инфрақызыл және ультра­күлгін диапазондарында Марс атмосферасын бақылауға мүм­кін­дік беретін үш камерамен жаб­дықталған.