Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Елордада ақылы ПТР тестінен қайда өтуге болады?

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы жеке медицина ұйымдарының тізімін ұсынады, мұнда елорда тұрғындары коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен тестілеуден өте алады.

Елордада ақылы ПТР тестінен қайда өтуге болады?

Ұлттық сараптама орталығында, «Мейірім» ЖШС, «BIO Lab» ЖШС-де ПТР тестінің бағасы 8000 теңгеден басталады. Тәулігіне сынамалар өткізу қуаттылығы 800–1000 құрайды.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық, «Invivo» ЖШС, «Олимп» КДЛ (Нұр-Сұлтандағы филиалы «Мырза-хан» ЖШС), №2 көпсалалы қалалық аурухана, №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, Президенттің іс басқармасының зертханасында КВИ-ге тестілеу 9-11 мың теңге аралығында жүргізіледі.

12-15 мың теңге аралығында сіз «Геном Плюс» ЖШС-де, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында және KF UMC Республикалық диагностика орталығында тестілеуден өте аласыз.

Ақылы негізде COVID-19 коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПТР сынағынан қажетті қаражаты бар барлық Қазақстан азаматтары өте алады. Қалалық емханаларда МӘМС жүйесінің бөлігі ретінде КВИ пациенттерімен байланыста болған жүкті әйелдерге ПТР тестілеу ақысыз жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ бойынша биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам тестті құрайды. Қазіргі уақытта 550 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, қосымша әлі 112 мыңға жуық сынама бар.