Сынақ барысында жолаушылар майлықпен терісін сүртіп, мамандарға тапсырады. Ал арнайы ыдысқа салынған биоматериалды иттер иіскеп, COVID-19 жұқтырғандарды анықтайды. Егер оң нәтиже көрсетсе, үріп мамандарға белгі береді. Осыдан соң иттер нұсқаған жолаушылар қосымша ПТР-тестілеуден өтеді.
Мамандардың айтуынша, коронавирус жұқтырғандарды қызметтік иттермен тексеру жылдам әрі арзанға түседі. Атап айтсақ, иісшіл жануарлар инфекция жұқтырған науқастарды тест нәтижесінен 5 күн бұрын анықтауға көмектеседі екен.
Жалпы, COVID-19 жұқтырғандарды иттердің көмегімен тексеру әуежай үшін 300 мың еуроға шығады. Бұл ПТР-тестілеуден едәуір арзан.